Өзбекстанда бұған дейін қабылданған қаулы биыл ресми түрде күшіне енді, деп хабарлады MadeniPortal.k...
Астанада аялдама терезесін сындырған ер адам қолға түсіп, жазаланды
Фото: видеодан скриншот
Астанада түнгі уақытта аялдама павильонының терезесін сындырған ер адамды полиция қызметкерлері қолға түсірді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға түнгі сағат үш шамасында болған. Куәгерлер полицияға белгісіз ер адамның аялдама терезесін сындырғаны туралы хабарлаған.
«Астаналық полицейлер оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні ұстады. Ер адамның мас күйде болғаны анықталды», – деп мәлімдеді ІІМ.
Бұзақыға қатысты өзгенің мүлкін әдейі сындыру немесе жою бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.
«Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – деп нақтылады ведомство.
ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Астанада қала мүлкін бүлдіруге қатысты 200-ге жуық құқықбұзушылық тіркелген.
Полиция тұрғындарды қалалық инфрақұрылым нысандарына ұқыпты қарауға және заңға қайшы әрекеттердің жауапкершілікке әкелетінін еске салды.