Қырғызстан тауларында Қазақстан азаматы қаза тапты

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1842

Қырғызстандағы "Каракол" тау-шаңғы базасында қазақ азаматы көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ыстықкөл облыстық ІІБ мәліметінше, оқиға 27 ақпанда тау-шаңғы трассасында болған. Полицияға жазатайым оқиға туралы хабар түскеннен кейін, жедел-тергеу тобы оқиға орнына келген. 

Тергеу барысында 43 жастағы Қазақстан азаматы сноубордпен сырғанау кезінде өзінің досымен соқтығысқаны анықталды. Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды.

Факт Ақ-Суу ауданы ІІБ ақпаратты есепке алу журналында тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...