Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып-соғып, қорлаған. Бұл жағдайды Ақсу қаласының проку...
Халықаралық ПЕН-клуб Қазақстанда өз өкілдігін ашты
Дереккөзден
Қазақстан Жазушылар кітапханасында Халықаралық ПЕН-клубтың еліміздегі бөлімшесінің ресми ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
"Бейбітшілік, еркіндік және идеялар" – бұл ұйымның басты ұстанымы. ПЕН-клуб – ой еркіндігін, шығармашылық ар-намысты және сөз бостандығын қорғайтын халықаралық әдеби қозғалыс.
Тайландта ұйымдастырылған съезд барысында жаңа бөлімшенің басқару құрылымы бекітіліп, халықаралық жарғы қабылданды. Жиын кезінде ақын әрі ғалым Дүкен Мәсімханұлы бұл құжатпен таныстырып, ұйымның негізгі бағыттары мен мақсатын тарқатып айтты.
Қазақстандық бөлімшенің төрағасы ретінде Дүкен Мәсімханұлы тағайындалды.

Оның орынбасары қызметін ақын және журналист Бауыржан Жақып атқарады.
Ұйым хатшысы – ақын, философ және "ТҮРКСОЙ" ұйымы бас хатшысының кеңесшісі Мұратхан Шоқан болып бекітілді.
Сонымен қатар, төраға орынбасарларының қатарына Ассамблея мүшесі, ақын Вячеслав Вавилин кірді.
Басқарма құрамына төмендегі қаламгерлер енді:
Әділғазы Қайырбеков, Мұрат Шаймаран, Жарас Сәрсек, Ерлан Жүніс, Саят Қамшыгер, Бақытгүл Бабаш, Ербол Бейілхан, Айгүл Жұмаділ, Камиль Анварович Мамукадз, Дәулетбек Байтұрсын және Бауыржан Қарағызұлы.
Іс-шара барысында Халықаралық ПЕН-клуб жетекшісінің орынбасары Хуан Ячжоудан келген құттықтау хаты оқылды. Бұған қоса, Қырғызстан Жазушылар одағының жауапты өкілі Ырысгүл Зият пен Өзбекстаннан ақын әрі публицист Фахриддин Ҳайиттың бейнеқұттықтаулары көрсетілді.