Астанада алаяқтардың кесірінен зейнеткер 20 миллион теңгеден айырылып қала жаздады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
99

Астанада полицейлер 76 жастағы жергілікті тұрғынды алаяқтардың құрбаны болудан аман алып қалды. Әйел 20 миллион теңгесінен айырылып қала жаздаған. Бұл туралы елорда Полиция департаменті хабарлады, деп жазады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, алаяқтар зейнеткерге емхана қызметкерлері ретінде қоңырау шалған. Қабылдауға жазылу сылтауымен олар әйелді SMS арқылы келген растау кодын айтуға көндірген.

Осыдан кейін алаяқтар әйелмен байланысын үзбей, оған психологиялық қысым көрсетуді жалғастырған. Олар зейнеткерді үйінен шығып, саябаққа барып, әрі қарайғы нұсқауларды сол жерде күтуге көндірген.

Алаяқтық әрекетті полиция қызметкерлері мен «Қазақтелеком» АҚ-ның бірлескен іс-қимылының арқасында дер кезінде тоқтату мүмкін болды.

Ықтимал алаяқтық туралы ақпарат түскеннен кейін құқық қорғау органдары зейнеткердің қайда жүргенін анықтап, заңсыз әрекеттің жолын кесіп, онымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде әйелдің барлық қаражаты, оның ішінде депозиттегі жинағы да толық сақталып қалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар қаласының 36 жастағы тұрғыны өгей қызын зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырыл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында бруцеллезге байланысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлад...