«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты

ЖАҢАЛЫҚТАР
3238

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың бұйрығына сәйкес «оралман» термині «қандас» болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұйрық 2021 жылы қаңтар айында күшіне енеді. Бұйрықта жазылғандай, тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгіну керек. 

Бұйрықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады. 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болатынын айтқан еді. «Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деді Президент. Сондай-ақ, Мәжіліс «қандас» атауын енгізетін заң жобасын мақұлдады.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...