Перизат Қайраттың пәтерлері Астана әкімдігіне, ал көліктері полиция департаментіне берілді

Фото: Әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
460

Астанада сот шешімімен тәркіленген Перизат Қайраттың элиталы тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлері қалалық әкімдік есебіне алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мәлімдеді.

Нақтырақ айтсақ, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және «Көк Жайлау» кешендеріндегі пәтерлері мен автотұрақ орындары әкімдік арқылы рәсімделген.

Mercedes-Benz S450 және Haval H6 GT Астана қаласының полиция департаментіне берілді. Ал Lexus LX 600 Қаржылық мониторинг агенттігінің қарауына өтті.

Еске салайық, 2025 жылдың шілдесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

77 адамның өмірін қиған қос терактіден кейін шамамен 15 жыл өтсе де, Андерс Брейвик (қазіргі есімі &...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Артемьева Римма Альбертовна 66 жасқа қараған шағы...