Астанада автобус тағы да апатқа ұшырады

Коллаж: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1487

Кеше, 3 шілде күні Астанада автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Автобус апатынан жолаушылар зардап шекті. Оқиға орнында түсірілген видео желіде жарияланды. Астана қаласының полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтаған. 

"Астананың Сарыарқа ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы жетті. Себебі жолаушылар апат салдарынан зардап шекті", – делінген хабарламада.

"Автобус жүргізушісі Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, Серкебаев көшесімен қиылыста келе жатқан Ford маркалы автокөлікке жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобуста болған үш жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ полиция көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтап, көше қиылыстарында мұқият болу керегін ескертті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...