Тележурналист күн ыстықта көшеде баламен жүретін әйелдерге шүйлікті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1364

Тележүргізуші Данияр Есен әлеуметтік желіде шыжыған күн астында көшіп-қонып жүретін балалы келіншектерді түсінбейтінін жеткізді, деп хабарлады madeniportal.kz.

«Далада 45 градус ыстық. Көшеде - бала- шағасын шұбыртып, автобустан-автобусқа секіріп жүрген әйелдер. Жылаған бала, әбіржіген әйел... Не азап десейші?!», - деп жазды журналист.

Бұған қатысты желі қолданушылары әртүрлі пікір білдірді.

«Баланы қалдыратын жер болмаса, көлігің болмаса жүруге тура келеді. Не істейсің?», «Әсіресе, 1 шілде күні барлығы жаппай жүретінін айтсайшы…»,«Ең болмағанда қоғамдық көліктерге пайдасы тисін де», «Қайтеді енді? Еріккеннен жүрмейді», «Жүрсе де, жүрмесе де ұнамайды екен. Нелерің бар?», «Не шаруаң бар оларда? Сен бағып жатқан жоқсың ғой» деп жазды желі қолданушылары.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...