Қазақстан Қытайдың ірі банкінен 400 млн юань қарыз алды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2353

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен (ICBC) 400 миллион юань қарыз алды. Бұл туралы холдинг басшысы Рустам Қарағойшин айтты, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy.-ына сілтеме жасап.

Күні кеше «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Қытайдың Сауда-өнеркәсіп банкінен алғаш рет юаньмен қарыз алғаны хабарланған. Бүгін Үкіметте өткен брифингте Рустам Қарағойшин оның сомасын нақтылады.

«Бұл кеше болған өте маңызды оқиға және бұл тек қана басы. Қарыз көлемі — 400 миллион юань. Мұның маңыздылығы — біз алған юань құны өте жақсы, біздің инвестициялық жобаларға сәйкес құнын құрайды. Біз бұл қаражатты ақыр аяғында 7-8 пайыз юаньда 10-15 жылдық жобаларға жібереміз», − деді басқарма төрағасы.

Оның айтуынша, бұл қарыз өсімдік шаруашылығына жұмсалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көріпкел Ақгүл Есетқызы Ақтау маңындағы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбазға...

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған кезекті жазбасымен көпшілікт...