Астанада автокөлік жарылды: зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
647

Астанада жолдың жүру бөлігінде автокөліктің жарылуы салдарынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, №1 көпсалалы қалалық ауруханаға және №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына төрт ересек адам мен бір бала ауруханаға жатқызылған.

«Қазіргі таңда зардап шеккендердің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда. Науқастарға қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетіліп жатыр», – деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Оқиға 1 маусым күні Сарайшық ауданындағы Аманжолов көшесінде болған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаларды астаналық тұрғындар әлеуметтік желілерде жариялаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...