Павлодарлық құтқарушылар Ертістен ер мен әйелдің денесін алып шықты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
403

Павлодар облысында су айдындары маңында жоғалған екі адамды іздеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 маусым күні Ертіс ауданында, Ертіс ауылы маңындағы Ертіс өзенінің бір саласының жағалауынан құтқарушылар 1990 жылы туған әйелдің мәйітін судан алып шықты. Әйел 18 мамыр күні белгісіз жағдайларда суға батып кеткен.

Сол күні Павлодар қаласында Ертіс өзенінен ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1990 жылы туған, Ресей Федерациясының азаматы болған ер адамның мәйітін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 28 мамыр күні суға түсіп, батып кеткен.

Ведомствоның мәліметінше, екі жағдайда да қаза болғандардың денелерін оқиға куәгерлері тауып, кейін бұл туралы құтқару қызметтеріне хабарлаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматының Бостандық ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 70 жастағы әйел бесінші қабаттан құла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Балқаш қаласы үшін Металлург күні – басты кәсіби мерекелердің бірі. Бүгінде салада қаланың алт...