Астанада балалар лагері қатысушыларына арналған экологиялық іс-шара өтті

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
26

Астанада балалар лагерінде қоршаған ортаны қорғауға және табиғатқа деген құрметті қалыптастыруға арналған экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл жолғы іс-шара Әскери-спорттық лагерьінде өткізілді. Оған әскери саланың өкілдері, мұғалімдер, оқушылары қатысты.

Басты мақсаты – жасөспірімдерді ойшылдық патриоттық бағытқа тәрбиелеу. Сонымен қатар өскелең ұрпақты алғашқы әскери дайындық шараларына баулып, отансүйгіштік сезімдерін арттыру көзделген.
Аталған патриоттық шараның мән-маңызы туралы Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Ғинаят Сыздықов ой-пікір білдірді.

«Бүгінгі іс-шара балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеуге бағытталды. Кездесу барысында қатысушылар табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығы, экологиялық мінез-құлық қағидалары және әр адамның табиғатты қорғауға қалай үлес қоса алатыны туралы білді. Іс-шараға алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері мен оқушылар белсенді қатысты.
Біздің лагерь 1 маусымнан бастап жұмысын бастады. Мұнда әртүрлі санаттағы отбасылардан шыққан балалар, жалпы кез келген бала келіп қатыса алады, – деді ол.


Сонымен қатар, Астана қаласы Білім басқармасының алғашқы әскери дайындық пәнінің әдіскері Қайрат Нұрахметұлы да ой бөлісті.

«Белгіленген тізім бойынша Нұра ауданының мектептері «Айбынды маусым» жазғы лагері өткізілді. Бұл іс-шара арқылы балаларды Отан қорғауға үйрету, туған елге-жерге деген сүйіспеншілікті арттыру көзделді. Күннің ыстық-суығына қарамай Отанды қорғау әрқашан маңызды. Міне, осындай игі қасиеттерді балалардың бойына дарыту, төзімділікке үйрету, отаншылдық рухты көтеру мақсат етіледі», – деді әдіскер.