«Әлем барысы»: Қазақ күресінде орыс палуаны чемпион атанды

Жаңалықтар
3227

Алматының "Балуан Шолақ" атындағы спорт сарайында қазақ күресінен IV "Әлем барысы" чемпионаты өз мәресіне жетті. Ресейлік балуан Роман Бобиков 2019 жылғы "Әлем барысы" атанды. Ол финалдық белдесуде Айбек Нұғымаровтан басым түсті деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Ресейлік балуан Роман Бобиков финалдық белдесуде екі дүркін "Әлем барысы" Айбек Нұғымаровты жеңіп, алтын белбеу мен 10 млн теңге жүлдеге ие болды.

Ал күміс белбеуді еншілеген Айбек Нұғымаровқа 6 млн теңгенің сертификаты табысталды.

Сондай-ақ дүбірлі додада үшінші орынға қол жеткізген қазақстандық балуан Мақсат Исағабылов қола белбеу мен 3 млн теңге жүлдеге ие болды. Айта кетейік, ол жартылай финалдық белдесуде отандасы Айбекке есе жіберіп, үшінші орынға таласта өзбек балуанынан басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Әлем барысында" еліміздің намысын қорғаған тағы екі балуанымыз жарыс жолынан шығып қалған болатын.

Осылайша, "Алматы барысы" Руслан Әбдіразақов тартысты белдесуде Моңғолия елінен келген қандасымызға есе жіберсе, Маңғыстау обылсының өкілі Нұрдаулет Жарылғапов Грек балуанынан айласын асыра алмады.

Айта кетейік, IV "Әлем барысында" 30 елден келген 33 спортшы бақ сынады. Еліміздің намысын қорғаған төрт балуанымыздың екеуі жүлделі орындарға қол жеткізді.


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...