Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1420

Демалыс күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

12-14 шілдеде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыс облыстарда бұршақ аралас нөсер жауын жауып, дауыл соғады.

12 шілде күні еліміздің батысында ауа температурасы +35+39°С-қа жетіп,  кей аудандарда +40+42°С-қа дейін көтеріледі.

12-13 шілдеде оңтүстік-батыста ауа температурасы +39+44°С, ал 14 шілдеде +38+42°С ыстық болады.

Бұл күні солтүстік өңірлерде ауа температурасы +15+23°С шамасында болады. Шығыста+22+30°С, оңтүстікте +40+43°С, ал оңтүстік-шығыста +35+38°С-қа дейін көтеріледі.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...