Алматыда 10-қабаттан секірмек болған екі жасөспірімді журналистер құтқарды (ВИДЕО)

видеодан алынған скрин

ЖАҢАЛЫҚТАР
226

Алматыда журналистер биік ғимаратта қауіпті жағдайда тұрған екі жасөспірімді байқап, дер кезінде көмек көрсетіп, қауіпсіз жерге алып шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға журналистер таңертең кеңсеге жұмысқа келген кезде болған. Олар оныншы қабаттағы терезенің сыртында тұрған екі баланы байқап қалған.

Алдымен журналистер жасөспірімдермен сөйлесіп, оларды райынан қайтаруға тырысқан. Алайда жағдайдың қауіпті бола бастағанын көрген үш журналист бірден әрекетке көшкен.

«Балалар сөзге келмей, қауіп туа бастаған. Сондықтан үш журналист бірден көмекке ұмтылып, терезенің сыртындағы екі баланы күшпен ішке кіргізген. Сондай-ақ олар бірден полиция мен жедел жәрдем шақырған», – деп хабарлады полиция департаменті.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен. Жасөспірімдер мамандардың қарауына берілді.

Қазір полиция болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

АЙМАҚТАР

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған Астана мен Алматы қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды...

Медицина

Үш баланың анасы бес ай бойы жөргекпен жүр. Отбасы әйелдің денсаулығына немқұрайлы қараған дәрігерле...