Астанада бір тәулікте 140-тан астам жол апаты тіркелді

Фото: baq.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2819

Астанада кеше алғашқы қар жауып, түнде көктайғақ орнады. Қолайсыз ауа райынан өткен 140 жол апаты тіркелді, деп хабарлайды madeniportal.kz el.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Көктайғақ болуына байланысты 12 қазанда елордада 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 12 адам зардап шекті. 13 қазанда түнгі 00:00-ден 08:00-ге дейін 28 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер жоқ.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді аса сақ болуға, жылдамдықты қатаң сақтауға, жеке көліктерді жол бойында қалдырмауға, сондай-ақ ережелерді сақтауға шақырады.

Астана тұрғындарына ұзақ сапарға көлікпен жолға шықпауға кеңес берілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...