Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жергілікті шару...
«Qazaqstan tarihy» порталының журналисі халықаралық сыйлықпен марапатталды
Әзербайжан астанасы Баку қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы арнайы бекіткен ТҮРКСОЙ-дың БАҚ саласындағы «Хары Бұлбұл» халықаралық сыйлығын БАҚ өкілдеріне табыстау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсімі Бакудың жетекші мәдени орталықтарының бірі – Мугама Халықаралық орталығында ұйымдастырылды. Игі шара барысында Әзербайжанның Мәдениет министрі Анар Керимов пен ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары доктор Билал Чакыджы Әзербайжан жерін азат ету бойынша 44 күндік Отан соғысының оқиғалары туралы әлем бойынша жария еткен түркі әлемінің баспасөз өкілдеріне марапаттар табыстады.
Ашылу салтанатында сөз алған министр Анар Керимов 44 күндік Отан соғысы кезінде өңірде жұмыс істеген баспасөз өкілдері өз міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, ол үшін жандарын пида еткендігін атап өтті. Жиынға қатысушылар қайтыс болғаннан кейін ТҮРКСОЙ-дың БАҚ саласындағы Халықаралық жүлдесімен марапатталған Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігінің (Азертадж) тілшісі Мехеррем Ибрагимов пен AzTV Әзербайжан мемлекеттік телевизиясының операторы Сырач Әбішевті бір минут үнсіздікпен еске алды.
Марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджы түркі әлемінің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері оқиғаларды жариялай отырып, бауырлас әзербайжан халқына қолдау көрсетіп, жеңіске бір қадам жақындауға айтарлықтай үлестерін қосқандығын алға тартты.
Мен ТҮРКСОЙ-дың атынан Әзербайжанның көне жерлерін басқыншылықтан босату процесіне көрсеткен қолдауы үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ұсынатын осы марапатымызды қабыл алуларыңызды сұраймын, - деді Билал Чакыджы.
Құттықтау сөздер 7 мемлекеттен келген журналистерге ТҮРКСОЙ-дың БАҚ саласындағы Халықаралық «Хары Бұлбұл» сыйлығын табыстау рәсімімен жалғасты. Марапатқа 36 журналист лайық деп табылды. Атап айтар болсақ, еліміздің журналистері арасынан Арман Сүлейменов, Алмас Шораев пен Нұргелді Усбанов марапатты иеленді. Сондай-ақ Түркиядан келген Фулья Өзтүрік, Бюлент Чулджуоғлу мен Абдулкарим Улак, Қырғызстанна Мұратбек Жолукеев, Нина Ничипорова, Құбатбек Айбашов, Өзбекстаннан Абдували Сайбназаров пен Суннатилла Абдуллаев, Хорватиядан Хасан Хайдар Диаб, Франциядан Реза Дегати, Эльнур Мусазаде, Әзірбайжаннан Мехеррем Ибрагимов пен Сирач Абишов қайтыс болғаннан кейін марапатталды.
ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы 1 ай 14 күнге созылған Таулы Қарабақ соғысын жариялауға атсалысқан БАҚ өкілдерінің еңбектерін елеусіз қалдырмауды ұйғарыпты. Іріктеу өте қатал өтті. Бұл оқиғаларды жариялап, шынайы ақпаратты жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбектері өлшеусіз деп білемін. Түркі әлемінің баспасөзі Қарабақ үшін күресте Әзербайжанға үлкен қолдау көрсетті. Марапаттау рәсімінен соң елдің «мәдени астанасы» атанып кеткен Шуша қаласына барып, соғыстың салдарын, қаланың қайта қалпына келтіріп жатқанын өз көзімізбен көрдік, - деп атап өтті сыйлыққа лайық деп танылған қазақстандық журналистердің бірі Арман Сүлейменов.