Daricorn-ның дауынан кейін Мұрат Әбенов блогерлерге ескерту жасады

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1391

Депутат балаларды рұқсатсыз видеоға түсіретін блогерлерге ескерту жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желілердегі блогерлердің жауапсыз әрекеттеріне алаңдаушылық білдірді. Депутаттың айтуынша, бүгінде көптеген блогерлер бейтаныс адамдарды, оның ішінде кішкентай балаларды рұқсатсыз видеоға түсіріп, оны жарнама немесе басқа мақсатта заңсыз пайдаланып жүр. 

Мұрат Әбенов бұл әрекеттің заңға қайшы екенін ескертті. Азаматтық кодекстің 145-бабына сәйкес, кез келген адамның бейнесін рұқсатсыз қолдануға тыйым салынған. Әсіресе, балалардың құқығы жиі бұзылып, соңы кибербуллингке әкеліп соғуда. 

Депутат онлайн платформаларға қатысты талаптарды күшейтіп, заң бұзған блогерлердің аккаунттарын бұғаттау қажеттігін айтты. Сонымен қатар, әрбір азамат өз бейнесін заңсыз пайдаланған жағдайда, видеоны өшіртуді және келтірілген шығынды өндіріп алуды талап ете алатынын еске салды. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...