Астанада ер адам кішкентай екі қызға ерсі қылық көрсеткен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1377

Астанада екі жасөспірім қыздың қатысуымен жағымсыз оқиға орын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, 12 және 2 жастағы қыздарға бейтаныс ер адам тұрғын үй ауласында тиіспек болған. Оқиға олар дүкеннен үйлеріне қайтып келе жатқан кезде болған.

Болжам бойынша, ер адам мас күйде болған. Ол балаларға жақындап, оларға тиісе бастаған — 12 жастағы қыздың мойнынан сүйіп, денесіне қол жүгіртпек болған. Қыз қарсылық көрсеткен сәтте, ер адам оны жерге итеріп құлатқан. Абырой болғанда, қыздар дер кезінде қашып үлгеріп, кіреберіске жеткен.

Сол сәтте подъезд маңында жүрген тұрғындардың бірі күдіктіні ұстап алып, құқық қорғау органдары келгенге дейін оны бақылауда ұстаған. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...