Алматыдағы саябақта суицид жасаған адам бірінші өз баласын тұншықтырып тастаған. Оқиғаның мән-жайы а...
Жұрт болып жұмылатын міндет
2240
Тайталасқан заманда қазір әлемде алпауыттар айқасы жүріп жатыр. Қазақ елі де осындай алмағайып қанша кезеңді басынан өткерді. Бұл – үлкен сынақ. Осыған орай Президент ауқымды реформаларды қолға алды. Бірақ жүйелі реформа бір күнде жасалмайды. Осыны түсінген абзал. Қазір елімізде Президент сайлауы деген үлкен саяси науқан басталды. Осы жолы біз, Мемлекет басшысын жеті жылға және бір-ақ мерзімге сайлану секілді конституциялық ұстанымдарда алға қойдық. Бүгінгі Республикалық Ардагерлер ұйымының Х съезі кезектен тыс өтіп, орталықтағы ардагерлер президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевті ұсынуға шешім қабылдадық. Мемлекет басшысын жалғыз біз ғана емес, республикалық ұйымның көпшілігі қолдау білдіреді деп сенемін. Себебі, елде болып жатқан саяси өзгерістер, мемлекетіміздің абырой-беделін көтеруге бірден-бір үлес қосуда. Бүгін ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының көк түсті паспорты ұлттық бірегейлігіміздің символы болуы керек екенін айтты. Сөзбе сөз айтсам: «Қазақстан Республикасының көк паспорты біздің ұлттық бірегейлігіміздің қарапайым, бірақ басты көрсеткіші болуы керек екеніне сенімдімін. Бұл құжат – біздің мемлекеттілігіміздің тірегіне айналған озық қағидаттардың нышаны. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты іргелі құндылықтарды білдіреді. Соның арқасында біздің еліміз бүкіл әлемге этносаралық және дінаралық толеранттылықтың жарқын үлгісі ретінде танымал болды. Қазақстан паспорты – әділдіктің және ұлттың болашаққа ұмтылысының символы» деді Президент. Расымен, еліміздің көк паспортын бүкіл әлем таниды, құрметтейді. Бұл – еліміздің теңгерімді әрі жауапты сыртқы саяси бағдары мен ішкі саясатының тікелей нәтижесі. Ең бастысы, бүгінгідей алмағайып кезеңде бірінші кезекте береке-бірлігімізге сызат түсірмеуіміз керек. Жұрт болып жұмылатын міндет. Қазір мемлекеттің тұтастығын сақтау жолында ұлт болып ұйысып, сынақтан абыроймен өтіп, алдымызда тұрған барлық мақсатты сәтті жүзеге асырамыз деп сенеміз.
Бекет Тұрғараев, заңгер