Астанада газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
2040

Астана қаласының Алматы ауданындағы жеке сектордағы тұрғын үйге жапсарлас орналасқан кафеде газ баллоны жарылып, арты өртке ұласты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Елорданың Алматы ауданы аумағындағы Ақыртас көшесінің бойында 2 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылып, кейіннен кафе ғимараты қирап, арты өртке ұласқан.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

“Қирау алаңы шамамен 60 шаршы метр, өрт алаңы 15 шаршы метр. Өрт сөндірілді. 6 адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 50 литр болатын 4 тұрмыстық газ баллонын шығарды”, делінген хабарламада. 

Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері үйінділерді бұзу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...