5 қаңтар күні Ақтоғай ауданындағы Балқаш көлінде Гүлшат және Тасарал кенттері арасында мал іздеуге ш...
Үйлену тойдан қайтқан ер адам көлікте тірідей жанып кетті
Ашық дереккөзден алынған
Әзербайжан елінің Сальян ауданына қарасты Йолусту ауылында ауыр жол-көлік оқиғасы болған. Mercedes маркалы жеңіл автокөлік жол жиегіндегі автожуу бекетіне соғылып, одан кейін өрт шыққан, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Оқиға салдарынан көліктің тез тұтанатын бөліктері, жалпы аумағы 120 шаршы метр болатын автожуу бекетінің ағаш шатыр бөлігі және сыртқы қабырғамен өтетін электр кабелі жанып кеткен. Өрт сөндірілгеннен кейін көліктің ішінен күйіп кеткен жүргізушінің денесі табылды.
Өрттің таралған жоқ, нысанның қалған бөлігі бүлінбеген. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі дереу жетіп, тілсіз жау толықтай сөндірілген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқан адам — Сальян ауданының Қарабағлы ауылының тұрғыны, 1987 жылы туған Эмиль Азизов. Ол Аджабеди ауданындағы үйлену тойдан өз көлігімен қайтып келе жатқан.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлігін басқара алмай, қоршауға соғылғаннан кейін көлік әп-сәтте жалынға оранған.
Қайғылы оқиға бойынша тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.