Астанада Күләш Байсейітоваға арналған жаңа мурал пайда болды

Фото: Астана әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
2444

Астанада Сарыарқа ауданында, Конституция көшесі, 25 мекенжайында қазақтың көрнекті опера әншісі және халық әртісі Күләш Байсейітоваға арналған жаңа мурал пайда болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Астана әкімдігінің мәліметінше, 15 метрлік сурет өзінің ауқымымен ғана емес, терең символизмімен де назар аударады. Мурал Байсейітова шығармашылығының бірегейлігі мен жан-жақтылығын бейнелейді және жарқын әрі мәнерлі сурет оның опера мен ұлттық музыканың дамуына қосқан елеулі үлесін еске салады.

Жұмыстың қызықты ерекшелігі, орындау техникасы – пуантилизм. Онда кескін көптеген нүкте көмегімен жасалады, – деп қосты ведомство.

Мурал суретшісі – Адай Исажанов. Ол заманауи көркемдік техникалар арқылы ұлы әншінің бейнесін қайта жасап шығарды. 

Шоу-бизнес

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялап, отбасындағы қуа...

ӘДЕБИЕТ

2008 жыл. 1 ақпан. Сенбі. Сарышұнақ аяздың беті қайтар емес. Аяғым ауыр. Дәрігер сәбиімнің дүни...