Димаш Құдайбергеннің үш жылдық әлемдік туры аяқталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
700

Димаш Құдайбергеннің 2022 жылы Алматыда бастаған "Stranger" туры биыл 12 желтоқсанда Ригада үлкен шоу-концертпен аяқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Концерттік бағдарлама Алматы қаласында бастау алып, 2022–2025 жылдар аралығында Ереван – Анталья – Куала-Лумпур – Гонконг – Будапешт – Стамбұл – Астана – Прага – Дюссельдорф – Нью-Йорк – Мехико – Барселона – Лондон – Берлин – Ригадағы мыңдаған жүректерді біріктірді.

Турдың қорытынды нүктесі Рига қаласы болды.

2025 жылғы 12 желтоқсанда Рига қаласындағы Xiaomi Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Stranger шоуы үйдегідей жайлы, әрі толқынысқа толы атмосфера қалыптастырды. Үлкен аренада өткен концерт көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлап, алдағы Рождество мен Жаңа жылдың жақындай түскенін сезіндірді.

Димаш концертті қазақ және ағылшын тілдеріндегі сәлемдесумен бастап, латыш тілінде былай деп тіл қатты.

"Қайырлы кеш! Бүгін осында болу мен үшін зор мәртебе! Шынайы ықыластарыңыз бен энергияларыңыз үшін рақмет! Бұл кешті ұмытылмастай етуге тырысамыз!", - деді әнші.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайды: жаңбыр қарға ауысып, жел күшейеді, ал ауа температ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлемге әйгілі американдық рэпер Эминем мен колумбиялық поп-жұлдыз Шакира Қазақстанда концерт беретін...