Астанада үй ауласында баланы тоқ соқты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
228

Астанадағы аулалардың бірінде бес жасар баланы тоқ соғып, ол ауруханаға түсті. Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, оқиға тұрғын үйлер бірінің ауласындағы футбол алаңы маңында болған. 

"Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады полиция.

Алдын ала мәліметке сәйкес, құрылыс компаниясына тиесілі кабель өртенген. Салдарынан бес жасар баланы тоқ соққан. Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 қыркүйектен бастап WhatsApp Android 5.0 және 5.1 Lollipop нұсқасындағы смартфондарды қолдауды то...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ағылшын тұқымды жүйрік Кабирхан ұзақ үзілістен кейін қайтадан...