Тоқаев. Табысы төмен қазақстандықтарға кредит берге тиым салу керек

ЖАҢАЛЫҚТАР
4820

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табысы өмір сүру деңгейінің көрсеткішінен аз қазақстандықтарға кредит беруді доғару керектігін айтты, — деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тұтынушылық несиелермен қалыптасқан жағдай одан әрі қайталанбауы тиіс. Ұлттық банк реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдауға, қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейтуге міндетті. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға одан әрі жағдайдың нашарлануына және қаржылық жағдайды болдырмау үшін қарыз беруге тыйым салу қажет», — деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беруді реттеудің қосымша шараларын қабылдауы тиіс екенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...