Астанада жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: ulysmedia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2028

Астанада жол апаты болып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Әуелі жол-көлік оқиғасының фото және видеокадрлары whatsapp желісіне тараған. Онда апаттан көз жұмған әйелдің денесі көрінеді. Жедел жәрдем қызметінің мамандары быт-шыт болған көліктен екінші адамды шығара алмай жатыр.

– Қатты тайғанақ, жігіттер, байқаңдар, – дейді оны көрген азаматтың бірі аудиодыбыс арқылы.

Астана қаласының полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

– Toyota көлігінің жүргізушісі Қошқарбаев жақтан Сарайшыққа апарар жолдағы М-1 көпірінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, көпірдің қоршауына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы жан тапсырды, – делінген хабарламада.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Болған оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...