Атыраудағы сұмдық: 12 жастағы қызға тиіскен күдіктіні полиция іздеуде

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
147

Атырауда 12 жастағы қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы қыздың ата-анасы мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Олар бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алып, полицияға арыз жазған.

Оқиға өткен жексенбі күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Қыз ойын алаңынан үйіне қайтып келе жатқанда оған бейтаныс ер адам жақындаған. Ата-анасының айтуынша, қыз дер кезінде қашып құтылмағанда, жағдайдың салдары әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді. Олардың сөзінше, ер адам масаң күйде болып, өзін агрессивті ұстаған.

«Ол қызымды қорқытып, айқайлап, алкоголь сатып әперуді талап еткен. Қызым: "Жарайды, тек мені жіберіңіз, дүкенге барайық" деп жауап берген. Ол дүкеннен көмек сұрауды ойлаған.

Дүкеннің маңына келгенде ер адам қыздан өзін сүйуді талап етіп, оны өзіне қарай тарта бастаған. Сол сәтте қызым оның шашынан тартып қалып, қолын босатып үлгерген де, қашып кеткен», – дейді қыздың анасы Балауса Отеуова.

Қызының айтқанын естіген ата-анасы бірден полицияға жүгінген. Олардың айтуынша, болған оқиғадан кейін қыз үйден жалғыз шығуға қорқып қалған.

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктінің жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басын анықтау және оны ұстау бағытында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деп мәлімдеді полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қызмет барысында қаза болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі әлеуметтік желідегі даудан к...

PESTEL

Мәскеу облысының Раменское қаласында үш жасар бала ойнап жүріп, терезе алдына шығып алған соң тепе-т...