Леонардо да Винчи салған аюдың бас суреті рекордтық сома - £8,9 миллионға сатылды

ЖАҢАЛЫҚТАР
3077

Christie's аукционында Леонардо да Винчи салған аю басының нобайы сатылды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Оны £8,9 миллионға (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Бұл – итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты сома. 

«Сурет— Леонардо да Винчидің сызбашы ретіндегі шеберлігінің керемет дәлелі», - делінген аукцион үйінің Twitter-дегі хабарламасында. 

Нобай – бұл қызғылт-ақшыл сары қағазға күміс қарындашпен салынған 7x7 см өлшемді сурет. Ол 1480 жылдардың бірінші жартысында жасалған. Бұл – суретшінің қолтаңбасы бар бірнеше туындыларының бірі. 

Сатып алушының есімі жария етілмей отыр. Ал бұдан бұрынғы рекорд Леонардо Да Винчидің «Жылқы мен салт атты» туындысы үшін орнатылған еді, оны £8,1 миллионға сатып алды.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...