Астанада Жеңіс күніне орай ардагерлер қанша алды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
107

Елорда әкімдігі мәлімдегендей, Астанада Ұлы Отан соғысы ардагеріне 5 млн теңге төленді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Сонымен қатар, 9 мамырға орай мынадай төлемдер қарастырылған:

  • Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға (Чернобыль АЭС қатысушыларынан басқа: соғыс жылдарында қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқандар, Ленинград қоршауы кезінде қалада еңбек еткен азаматтар, кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындары, жарақат салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер, радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери нысандардағы авариялар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектік алғандар және олардың ата-анасының бірінің сәулеленуіне генетикалық байланысты мүгедектігі бар балалары) – 476 адамға 45 АЕК мөлшерінде (194 625 теңге);

  • Ауған соғысы ардагерлерінен басқа, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлеріне (тәжік-ауған учаскесінде тапсырмалар орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға қатысқан, Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер) – 1167 адамға 45 АЕК (194 625 теңге);

  • «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында қамтылатын өзге тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, Ұлы Отан соғысы мүгедегінің қайтыс болған жұбайы) – 1753 адамға 15 АЕК (64 875 теңге).

Жалпы, Астанада 9 мамырға арналған біржолғы әлеуметтік төлемдерді 3398 адам алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтаудағы 4-шағын аудандағы №41 үйдің тұрғындары пәтерлерінде тышқандардың қаптап кеткенін хабарлады...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемен қаласындағы зауыт аумағында шаң ұстау цехында шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылып...