Бүгін – Қазақстанның халық әртісі Асқар Тоқпановтың туған күні

Фото: altynqor.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1888

Бүгін режиссер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) Тоқпановтың туған күні, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол Алматы облысының Іле ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.

1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып, М. Әуезов пен Л. Соболевтің «Абай», Ш. Хұсайыновтың «Марабай», Әуезовтің «Сын сағатта» мен «Еңлік-Кебек», С. Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», А.П. Штейннің «Намыс соты», Д. Гоу мен А.Д. Юссоның «Терең тамырлар» спектакльдерін сахнаға шығарды. Бұдан кейін Балалар мен жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Қарағанды, Гурьев (Атырау), Жамбыл облыстық драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Ол спектакльдерді қоюмен бірге өзі де кейбір басты рөлдерді ойнап, сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу-мақалалар және пьесалар жазды. 

Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...