Д.Құдайберген Лондондағы концерттен түскен қаражатты жас таланттарды қолдауға жұмсамақ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3951

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда өтетін қайырымдылық концерттен түсетін қаражатты Қазақстанның жас таланттарын халықаралық маңызды байқауларға қатыстыруды қолдау үшін жұмсамақ. 

Бұл туралы ол өзінің Инстаграм парақшасында жариялады. 

Айта кеткен жөн, Димаш Құдайберген Лондондағы Royal Festival Hall залында жеке концертінін беретінін хабарлаған болатынбыз. 

Уәде етілгендей, мен сіздерге Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында 19 қараша күні Лондонда қайырымдылық мақсатта өтетін концертім жөнінде ақпарат беремін. Коммерциялық емес концерттің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, шара Ұлыбританидағы Қазақстан Республикасы елшілігінің қолдауымен өтеді. Жиналған барлық қаражат Қазақстанның жас таланттарын халықаралық маңызды байқауларға қатыстыруды қолдау үшін жұмсалады. Концерт өтетін Royal Festival Hall мекемесі тіркеу жүргізумен айналыспайды! Концертке қатысты барлық ресми ақпарат @kazauenderi аккаунттарында», - деді ол өзінің парақшасында.  

PESTEL

Шри-Ланкада ауыл шаруашылығы плантациясының жұмысшыларына жабайы аралар шабуыл жасап, салдарынан бір...

СПОРТ

Қазақстандық ММА шебері Қадырбек Шынбаев Жапонияның Нагоя-Айчи қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ой...