Үш баласын қатыгездікпен өлтірді деп айыпталып отырған Қанск қаласының 29 жастағы тұрғыны төртінші б...
Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы ауруханада есін жиды
Фото: Pixabay
276
Астанада болған ірі өрттен тірі қалғанымен, үш баласынан айырылған әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазіргі уақытта науқас жетінші күн қатарынан жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Дәрігер-травматолог Марат Сабировтың мәліметінше, әйелдің ауыр халге түсуіне күйік жарақаттары, тыныс алу жолдарының зақымдануы және ағзаның улануы себеп болған.
"Пациент есін жиды, қажетті медициналық көмек толық көрсетіліп жатыр. Тыныс алуы жасанды желдету аппараты арқылы қамтамасыз етілуде. Жүрек соғысы мен қан қысымы тұрақты", – деді дәрігер.
Әйел әзірге елордалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның психологиялық жағдайына қатысты ақпарат жарияланған жоқ.