Қазақстан мен Ресей шекарасы маңындағы жолды су басты

Фото: istockphoto.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1834

Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын орналасқан KZ 10-05 республикалық автожолының бір бөлігіне су жайылды. Бұл жағдай 16 наурыз күні қардың күрт еруі мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты орын алды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhy тілшісіне сілтеме жасап. 

Судың жайылу аумағы шамамен 40 метрді құрайды, ал тереңдігі – 10 сантиметрге дейін жетеді. Алайда қазіргі уақытта жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылған жоқ.

«Аталмыш учаске Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы бейтарап аймақта орналасқан. Бұл аймақта көпір өткелі жоқ болғандықтан, су тасқыны жыл сайын қайталанады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, арнайы белгілер қойылды. Сонымен қатар, оқиға орнында 2 бірлік арнайы техника мен 3 маман жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Қазіргі таңда Қазақстан мен Ресей тарапы бұл аумаққа көпір салу мәселесін бірлесе талқылап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...