Астаналық тұрғын әйелге қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
107

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Ұсақ бұзақылық» бабы (ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі) бойынша ер адамға қатысты қоғамда резонанс тудырған істі қарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

2025 жылғы 30 желтоқсанда ер адам қоғамдық жерде қатты айқайлап, әйелді балағаттап, агрессивті мінез-құлық танытқан. Жәбірленуші сотқа ер адамның жүйелі түрде мазасын алып, қыр соңынан қалмайтын әрі агрессивті әрекет еткенін, бұл қоқан-лоққымен және психологиялық қысыммен қатар жүргенін айтты.

Ер адам өз кінәсін толық мойындамай, айыптаулардың дәлелденбегенін мәлімдеді. Алайда сот жәбірленуші мен куәгердің айғақтарын қоса алғанда, дәлелдемелердің жиынтығын ескерді. Шешім шығару кезінде жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар да назарға алынды – құқық бұзушылықтың әйелге қатысты жасалуы.

«Куәгер жанжалдық қарым-қатынастың болғанын растады, алайда ұрыс-керіс кезінде оқиға орнында болмаған. Әкімшілік жаза тағайындау барысында сот жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын, сондай-ақ жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың бар екенін, яғни әкімшілік құқық бұзушылықтың әйелге қатысты жасалғанын ескерді. Сот дәлелдемелердің жиынтығымен М.-ның кінәсі дәлелденді деп танып, оның әрекетін ұсақ бұзақылық ретінде саралады. Сот қаулысымен М.-ға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды. Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сот 1 жыл мерзімге мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіледі, оның ішінде онымен байланысудың кез келген түріне тыйым салынды», – деп мәлімдеді сотта.

Сонымен қатар, ер адамның әрекеттерінен қудалау (сталкинг) белгілері анықталған. Осыған байланысты сот әрі қарайғы шараларға құқықтық баға беру үшін Астана қаласы полиция департаментіне жеке қаулы жолдады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Tea...

Әлем

Шри-Ланкада туристік сапар қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: ресейліктер отырған автобусқа салмағы...