Алдағы демалыста ауа райы қандай болады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1115

Қазгидромет 16, 17, 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жауын-шашын, жел, тұман

Солтүстік-батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсер етеді. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, қатты жел соғады.

Тек оңтүстік-батыста, 17-18 тамызда батыста, 18 тамызда республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста, орталықта тұман түсуі мүмкін.

Ауа температурасы бойынша

Күндіз батыс өңірлерде ауа температурасы 22-30-дан 27-35 градусқа дейін көтеріледі;
Солтүстік-батыста 16-30-дан 22-33 градусқа дейін көтеріледі; Елдің солтүстігінде ауа температурасы 18-23 градус болады;Орталық облыстарда 20-30 градус болады;
Қ Р шығысында ауа температурасы 20-30-дан 17-25 градусқа дейін төмендейді; Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 25-35 градус болады, Республиканың оңтүстік-шығысында температура 30-35-тен 25-32 градусқа дейін төмендейді.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...