Ашуланған тәрбиеші әйелдің мүгедек қызға жасаған сұмдық әрекеті әшкереленді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1773

Қостанайда ашу қысқан тәрбиеші әйел 16 жастағы мүгедек қызға ыстық үтік басып алған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Аталған жағдай Қостанай қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы орталықтардың бірінде болған.

Тәрбиеші әйелге қатысты «Азаптау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Сотқа дейінгі тергеу аясында оқиғаның мән-жайын толық анықтау үшін  тиісті тергеулер жүріп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция басқармасы.

Егер тәрбиеші әйелдің кінәсі дәләлденсе, ол 4 жылдан 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...