АТА-АНАЛАР БАЛАЛАРЫМЕН СЫРЛАСУДЫ ҚОЙДЫ - БҒМ

Жаңалықтар
1562

Білім және ғылым министрлігі ата-аналардың баласымен әңгімелеспейтінін алға тартып, дабыл қақты.

«Ата-ана интернеттен бір ақпаратты немесе қанатты сөзді оқып алып, өзін білімді санайтын жағдайлар кездесіп жатады. Біз қазіргі уақытта ата-аналардың балаларымен ашылып сөйлеспеу мәселесімен бетпе-бет келіп отырмыз. Балалар гаджеттерге айналып, өзімен өзі болып кетті. Қазір отбасылық қарым-қатынаста мынадай тенденция байқалады: ата-ана жатын бөлмеден шығып, жұмысқа кетеді - жұмыстан қайтып келіп, баласымен аз ғана әңгімелесіп, тамақтанғасын қайтадан жатын бөлмесіне тартады», - деді ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Майраш Тойкенова елордада өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұрын ата-аналар мен балалар жиі сырласып, ой алмасатын.

«Ата-анамыз бізге көңіл аударып, күнделікті өміріміз туралы көбірек сұрайтын. Одан қалды, әке-шешелеріміз аулада ойын ұйымдастыратын. Мүмкін, ата-аналар «қазір заман басқа, уақыт жоқ» дейтін шығар, дегенмен ол бөтен біреудің емес, сіздің балаңыз ғой», - дейді ол.

Министрдің кеңесшісінің айтуынша, әр ата-анаға өз баласына дұрыс қарау керектігін түсіндіру қажет.

«Біздің қоғамның проблемасы неде? Жүз ұстаздан бір әкенің тәлімі артық. Ал бізде балаларды мектепке сейф секілді әкеліп тастайды да, 11 сыныпта дамыған, тәрбиелі бала болып шыққанын қалайды», - дейді кеңесші.

ult.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...