«Дірілдеп, дұрыс сөйлей алмады»: Каспийден аман шыққан тағы бір сарбаз туралы тың дерек айтылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
4657

Каспий теңізіндегі әскери жаттығу кезінде өз күшімен жағаға шыққан сарбаздардың бірі – Батыс Қазақстан облысының тумасы Айнар Асхатұлы Ахметов. Бұл туралы профессор Дәметкен Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, Айнар Ахметов Каспийдегі оқиға кезінде өз күшімен жағаға аман шыққан. Сонымен қатар ол қасындағы әскери қызметшіге көмектесуге тырысқанымен, оны жағаға алып шыға алмаған.

Дәметкен Сүлейменова сарбаздың отбасы қазір оның жағдайына алаңдап отырғанын жеткізді. Айнар Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тоғанас елді мекенінен. Оның әкесі – II топтағы мүгедектігі бар азамат, анасының денсаулығында кінәрат бар әрі көпбалалы ана.

«Ол өз күшімен жағаға аман шыққан және қасындағы жолдасына көмектескен, бірақ оны алып шыға алмаған. Айнар – БҚО, Сырым ауданы, Тоғанастан. Ахметов Айнардың әкесі II топтағы мүгедек, анасы ауырады, көпбалалы ана. Олар баласымен хабарласа алмай отыр. Тек кеше кіші қарындасымен 1-2 минут сөйлескен, сосын хабар үзілген. Қазір желіде тірі қалғандар үш сарбаз деп көрсетілуде. Біздің туысымыз сонда тізімде жоқ па, бұл қалай? Айнар кеше сөйлескенде дірілдеп, дұрыс сөйлей алмай тұрған сияқты деп қарындасы айтып отыр», – деп жазды профессор.

Осыған байланысты сарбаздың жақындары Айнар Ахметовтің қазіргі жағдайы туралы нақты ақпарат алғысы келеді. Сондай-ақ олар оның аман қалған әскери қызметшілер туралы мәліметтерде не себепті көрсетілмегеніне алаңдаушылық білдіріп отыр.

Айта кетейік, Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысының Теміртау қаласында 52 жастағы ер адам мен оның 49 жастағы жұбайы өз пәтерінен өл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға...