«Аузына мүшеқап тыққан»: Семейде оқушының анасы сұмдық жағдай туралы айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2087

ТикТок әлеуметтік желісінде семейлік Арай есімді блогер кеше болған Семейдегі оқушылар арасындағы сұмдық жағдай туралы айтып берді, деп хабарлады madeniportal.kz Democrat.kz-ке сілтеме жасап.

«Семейдегі 6 сынып оқушысын 7 сыныптың бір топ баласы соққыға жықты. Не істегенін білесіздер ме? Ұрған, соққан, темекі шектірген, мүшеқапты аузына салып, қинаған…

Соққыға жығылған баланың аты — Әлинұр. Әлинұрдың анасы қайтыс болған, өзі әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан бала. Балаға бар болғаны — психологиялық көмек қана берілген. Әлинұрдың отбасына көмек берейікші», — деген тиктокер қолында бар ақпараттарымен бөлісті.

Еске салып өтейік, кеше Семей қаласында бір топ бала бір оқушыны жабылып ұрғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

«Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады», — деп жазылған хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...