Балаларын сатып, ақшасын желідегі донат пен киім алуға жаратқан әйел жұртты таңқалдырды

Фото: CCTV/Sohu

ЖАҢАЛЫҚТАР
1217

Қытайда әйел өзінің екі ұлын сатып, әлеуметтік желідегі стримерлерге донат пен киім-кешек алуға жұмсаған, деп хабарлайдды MADENIPORTAL.KZ South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. 

Мәліметке сәйкес, 26 жастағы жетімдер үйінен шыққан Хуан есімді әйел жеткілікті қамқорлық көрмей өскен. Оның тек бастауыш білім деңгейі ғана бар. 2020 жылдың қазан айында Хуан алғаш рет ана атанып, қаржылық қиындықтарға байланысты тұңғыш ұлын 6,3 мың АҚШ долларына басқа бір әйелге сатқан. Алынған ақшаның барлығын ол стримерлерге сыйлықтар мен донат жасауға, сондай-ақ киім сатып алуға жұмсаған.

Қаражат таусылған соң, ол қайтадан ана болуды жоспарлап, 2022 жылы екінші ұлын дүниеге әкелген. Бұл баласын да 5,3 мың АҚШ долларына сатып, сол қаржыны алдыңғы мақсаттарына жұмсаған.

Қазіргі таңда екі бала арнайы мекемелердің қамқорлығына берілді. Ал Хуан адам саудасы және алаяқтық үшін 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. 

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...