Атырауда қызды ұрып-соғып, желіде жариялаған жігіт қамауға алынды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1092

Атырау облысында қызды ұрып-соғып әлеуметтік желіде жариялаған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ер адам беті-аузы көгерген бойжеткенді мәжбүрлеп сөйлеткені туралы видео тарады.

Жәбір көрген қыздың жасы 19-да, бейнежазбада оның бет-аузының жарақаты анық көрінеді.

Осы факті бойынша Атырау облысының полиция департаменті Қылмыстық Кодекстің "азаптау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында осы адамға қатысты іс қаралды. Ол "ұсақ бұзақылық" және "алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу" бойынша кінәлі деп танылды", - дейді полиция.

Ер адам 30 тәулікке қамауға алынған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...