Атыраудағы оқиға: Ақбаян Мұқанғалиеваға психиатриялық сараптама тағайындалды

Фото: ҚР ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
766

Индонезиядан Атырауға жеткізілген Ақбаян Мұқанғалиеваның денсаулығына кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, күдікті психиатриялық мекемеге орналастырылып, оған стационарлық форматта психологиялық-психиатриялық кешенді сараптама тағайындалған.

"Сараптаманы жүргізу туралы шешім күдіктінің мінез-құлқы мен алғашқы жауаптарына байланысты қабылданды", – деді Әділов.

Сондай-ақ вице-министр қылмыстық іс бойынша басқа күдіктілер жоқ екенін атап өтті. Іс аясында негізгі күдіктілер ретінде Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева қарастырылып отыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...