Белсенді Жан Ахмадиевтің сөзінше, марқұмның туыстары оған Мадинаны жуындыру кезінде түсірілген бейне...
Торт рецепті үшін жанжал: Жамбыл облысында әпкесіне қол көтерген әйел сотқа тартылды
Фото: freepik
Жамбыл облысында торт сату жөніндегі келісімді бұзып, әпкесіне қол көтерген әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сот мәліметінше, жәбірленуші сіңілісіне торт пісіруді үйреткен. Екеуі сіңілісінің әпкесінен үйренген рецептпен әзірлеген тәттілерін аудан орталығындағы дүкендерге сатпауға келіскен. Алайда сіңілісі уәдесін бұзып, торттарды саудаға шығарған. Кейін әпкесіне балағат сөздер жазған.
Мәселені бейбіт жолмен шешпек болған әпкесі сіңілісінің үйіне барған. Бірақ әңгіме ұрысқа ұласқан. Сіңілісі оның киімінен ұстап, тұншықтырып, басын қабырғаға соққан. Жәбірленуші аулаға қашып шыққанда да артынан қуып, жағасынан жұлқылап, киімінің түймелерін жұлып алған.
Сот отырысында әйел кінәсін ішінара мойындап, әпкесінен кешірім сұраған. Алайда жәбірленуші оны кешіруден бас тартып, жазалауды талап еткен.