2024 жылы әйелдер алаяқтық бойынша қылмысқа жиі барған

Фото: tengrinews.kz

Жаңалықтар
174

Қазақстанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасында ең жиі тіркелген қылмыс – алаяқтық. Алаяқтықпен байланысты істер бойынша шығарылған үкімдер барлық үкімнің 30%-ын құрады, деп хабарлайды madeniportal.kz DATA HUB Telegram-арнасының деректеріне сілтеме жасап.

Ал ерлер арасында ең көп үкім шығарылған қылмыс – ұрлық, оның үлесі 29%-ды құраған. Бұл мәліметтер Ұлттық статистика бюросының «Қазақстандағы әйелдер мен ерлер» жинағында келтірілген.

«2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша әйелдер арасында алаяқтық қылмысы бірінші орында қалды. Оның үлесі – 30%. Екінші орында – ұрлық (20%), ал үшінші орында – бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету (7%). Ерлер арасында ұрлық әлі де көш бастап тұр. Оған шығарылған үкімдер үлесі – 25%. Есірткімен байланысты қылмыстар 15%-ды, алаяқтық – 9%-ды құрайды», — деп жазылған хабарламада.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, сотталған әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда айтарлықтай аз болды – 11% (әйелдер), 89% (ерлер). 2024 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 13% (әйелдер) және 87% (ерлер) деңгейінде.

«Дегенмен, әйелдер арасында кейбір қылмыс түрлері басымырақ. 2024 жылдың қыркүйек айына дейін жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру бойынша 56 әйел және 13 ер адам сотталған. Ал кәмелетке толмағандарды сату бойынша 12 әйел және 3 ер адам жауапкершілікке тартылған», — деп жазылған мәліметте. 

Жаңалықтар

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтау маңындағы ұшақ апатында қаза тапқан Қазақстан азама...

Жаңалықтар

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандард...