Ертіс-Баян өңірі алғашқы республикалық сатиралық шығармалар байқауын ұйымдастырды Павлодар облысынд...
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында тас жолдар жабылды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ауа райының нашарлауына байланысты 10 желтоқсанда Қазақстанның төрт өңірінде барлық көлік түрлері үшін жол жүруге уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Республикалық маңыздағы келесі автожол учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді:
🔹 Маңғыстау облысында сағат 15:00-ден бастап:
-
Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау автожолының 338-642 шақырым аралығы (Бейнеу ауылынан Шетпе ауылына дейін);
-
Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе автожолының 91-161 шақырым аралығы (Таушық ауылынан Шетпе ауылына дейін);
-
Ақтау – Құрық автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласынан Құрық ауылына дейін).
➡ Жолдың алдын ала ашылу уақыты – 2025 жылғы 10 желтоқсан, сағат 22:00.
🔹 Абай облысында сағат 15:00-ден бастап:
-
ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы автожолының 910-1087 шақырым аралығы (Қалбатау ауылынан Боғас ауылы бұрылысына дейін).
➡ Жолдың алдын ала ашылу уақыты – 2025 жылғы 11 желтоқсан, сағат 00:00.
🔹 Алматы облысында сағат 15:00-ден бастап:
-
Байсеит – Көктал – Шонжы – Көктал автожолының 21-104 шақырым аралығы (Нұра ауылынан Шонжы ауылына дейін).
➡ Жолдың алдын ала ашылу уақыты – 2025 жылғы 11 желтоқсан, сағат 07:00.
🔹 Жетісу облысында сағат 15:30-дан бастап:
-
Үшарал – Достық автожолының 10-164 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Достық станциясына дейін);
-
Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы автожолының 413-557 шақырым аралығы (Сарқан қаласынан Үшарал қаласына дейін).
➡ Жолдың алдын ала ашылу уақыты – 2025 жылғы 11 желтоқсан, сағат 08:00.