"Ештеңе жасай алмаймыз": Жәнібек Әлімханұлының PR менеджері мәлімдеме жасады

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
626

Танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты дау әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Жәнібек ақ! Тиым салынған ешқандай зат қолданбайды!

Бокстағы допинг дауы бойынша мамандар айналысып жатыр. Промоутер, менеджер мен заңгерлер жұмысын жасауда!

Жәнібек те мен де ештеңе жасай алмаймыз, біздікі тек күту! Барынша аз уақытқа шеттетілу бойынша жұмыс жасалып жатыр!

Қайғырып отыра бергеннен ештеңе шешілмейді! Бұдан да өтеміз!
«В» сынамасынан да сол зат шыққан екен.

Өкінішті әрине! Бірақ басқаша болу мүмкіндігі төмен еді. Ендігі қадам не болады соны күтудеміз. Біздің мамандар айналысуда! Қайдан ағзаға кіруі мүмкін деген сұрақтар көтерілуде! Өйткені Жәнібек ондай тиым салынған зат қолданбаған! Күтейік ақырын!", - деді Жәнібек Әлімханұлының PR менеджері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент қаласындағы жер үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Бір жасар қыз бала тереңдігі 24...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында волейбол ойнап жатқан 11-сынып оқушысына пышақ сұққан күдікті ұсталды. Қанды оқиға...