Әуежайда кепілге алынған қызды құтқарып, қылмыскерді ұстаған ер адам кім?

Фото: Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
4694

Алматы әуежайында қарулы адамды залалсыздандырған ер адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған ер адамның – 1973 жылы туған Мұса Әбдірайым екені белгілі болды, Orda.kz тілшісі бүгінгі күннің батырымен сұхбаттасты.

Ашуға мінген ер адам тексеру қызметкерінің шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан. Куәгерлер абдырап қалған сәтте, 52 жастағы Мұса Әбдірайым жағдайды өз қолына алды. Бұрын спортпен айналысқан ол тай боксы және жекпе-жектің басқа түрлерін меңгерген екен.

«Мен жай ғана танысымды шығарып салып тұрдым. Қызға шабуыл жасағанын көрдім. Өзім үшін емес, тек қыз үшін қорықтым», – деді ол.

Әбдірайым бірден өзін кепілге алуды ұсынып, артынша шабуылдаушыға қарсы шығып, оның қолындағы пышақты тартып алып, жерге құлатқан.

Шабуылдан зардап шеккен қыз қатты күйзелісте болды, алайда ол Мұсаға алғыс айтты.

«Полицейлер де қоңырау шалып, алғыстарын білдіріп жатыр. Телефоным тынымсыз шырылдап жатыр», – дейді ол күлімсіреп.

Әбдірайым мұндай жағдайға бірінші рет тап болғанын айтып, барлығының аман қалғанына қуанышты екенін жеткізді.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...