Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3598

Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

«Қазір Ауғанстан аумағында Қазақстан азаматтары жоқ. Біз білетін қазақстандықтардың барлығы осы елдің аумағынан кетіп қалған. Дипломаттар өз қызметін жалғастыруда, біз оларды эвакуациялауды жоспарламаймыз», - деп атап өтеді министрліктен. 

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырған болатын. 

«Президент Әкімшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне Ауғанстанға қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру тапсырылды. Кабулдағы Қазақстан елшілігі шағын құрамда жұмыс істеуде. Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр», - деп жазған еді ҚР Президенті Twitter-дегі парақшасында.

madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...