Қызылорда облысында лауазымды тұлға үлкен қылмыстық топты жасырып жүрген

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1554

Қызылорда облысында ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты үкім шықты,  деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Жалпы саны 23 адамға үкім шықты. Тергеу барысында бұл топ аса ірі көлемдегі есірткіні заңсыз өсірумен және сатумен айналысқаны анықталған.

Сонымен қатар, қылмыстық топты жасырып жүрген лауазымды тұлғаның қатысы бар екені анықталған. Ал қалған қатысушылар есірткіні тасымалдауға, сақтауға және өсіруге жағдай жасауға көмектескен.

Қылмыстық топтың барлық мүшесі тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды:

  • Екі айыпталушыға ең жоғары жаза - 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • Қалған 18 айыпталушы 4 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
  • 2 айыпталушыға бостандығын шектеу жазасы тағайындалса, 1 айыпталушының ісі рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысып, әйел адам қаза тапты,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Ақкөл ауданында қайғылы оқиға болды. Мас күйде болған әйел сәбиін емізіп отырып ұйы...